Шымкентте құлыптаулы пәтерде қалған зейнеткер құтқарылды

Шымкентте құлыптаулы пәтерде қалған зейнеткер құтқарылды
Фото: видео кадры

Құтқарушылар зейнеткерді құлыптаулы пәтерден алып шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше 112 қызметіне Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде есік тарс жабылып, ішінде егде әйелдің қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралмен есікті ашты.

Төтенше жағдайлар министрлігі балалар мен қарт адамдарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек