Таңғы асқа 5 данасын жеңіз. Холестеринді төмендететін керемет тағам аталды

Таңғы асқа 5 данасын жеңіз. Холестеринді төмендететін керемет тағам аталды
Фото: pixabay

Пайдалы тағам таңдау жүрек-қан тамырлары ауруларының және одан келетін мезгілсіз өлімнің қаупін айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Сіздің денсаулығыңыз көбінесе дәл осы тамақтану әдетіңізге байланысты. Әрине, бірегеу пайдалы немесе зиянды тағам жоқ. Бәрі белгілі бір үйлесім тапқан кезде оң әсерін береді. Ал мамандар таңғы асқа грек жаңғағын жеу денсаулықты дұрыстауға таптырмас өнім болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Жаңғақтар антиоксиданттарға бай: оларда өсімдік полифенол қосылысы Е дәрумені бар. Ғалымдар бұл өнім тамақтанғаннан кейін "жаман холестериннің" тотығу зақымдалуын болдырмауға көмектесетінін дәлелдеді. Дәл осы түрдегі холестериннің жиналуы атеросклерозды тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, грек жаңғағының құрамында омега-3 май қышқылдарының рекордтық мөлшері бар. Өсімдіктерден алынған омега-3 майы, соның ішінде жаңғақ, альфа-линолен қышқылы деп аталады. Зерттеулер бұл қосылыстың әрбір граммы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қаупін 10 пайызға азайтуға көмектесетінін дәлелдеді.

Әрине, грек жаңғағының калориясы өте жоғары, сондықтан оларды көп жеуге болмайды. Әсіресе салмақ жоғалтқыңыз келсе әуес болмаған жөн. Таңғы асқа бес данадан тұратын порция сізге күні бойы сергек жүруге көмектеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов