Ауыз қуысының саулығы үшін ең маңызды дәрумен түрі аталды

Ауыз қуысының саулығы үшін ең маңызды дәрумен түрі аталды
Фото: mdjaff / Freepik

Ауыз қуысының саулығын сақтау үшін 3-6 айда бір рет D дәруменін қабылдау керек. Бұл туралы Зураб Хабадзе мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" сілтеме жасап.

"Тамақтану көліктің бензині секілді, ал D дәрумені - бұл май, майсыз ешқандай қозғалтқыш жұмыс істемейді.
Біріншіден, бұл кальций мен фосфорды жақсы сіңіруге көмектеседі. Екіншіден, оның жетіспеушілігі ағзаның жалпы иммунитетіне теріс әсер етеді, ал иммунитеттің төмендеуі бізді әртүрлі патогендерге, соның ішінде ауыз қуысының ауруларына да сезімтал етеді", - деп түсіндірді маман.

Оның айтуынша, кез келген адам ағзасында D дәрумені тапшы, сондықтан оның деңгейін кем дегенде 3-6 айда бір рет тексеріп, талдау жасап, дәрумен ішкен жөн.

Сонымен қатар, Зураб Хабадзе диетаның тіс саулығы үшін маңызды екенін еске салды. Ең алдымен газдалған сусындарды тұтынуды азайту қажет, ал алкогольден мүлде бас тартқан дұрыс.

"Негізінен қарапайым көмірсулар бар барлық тағамды, яғни нан өнімдері, макарон, банан, картоп жеуді азайтқан дұрыс. Тістер мен ауыз қуысы үшін қатты тағам қолайлы, мысалы сәбіз, болгар бұрышы, балдыркөк, шпинат (асжапырақ), түрлі шөптер.

Сүт өнімдері кальций көзі ретінде де пайдалы, бұл тістердің күйіне жағымды әсер етеді", - деді маман.

Айта кетейік, бұған дейін ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылудың 5 жолы хабарланған болатын. 

  1. Тіс дәрігеріне қаралыңыз;
  2. Мұрныңызды тексертіңіз;
  3. Бадамшадағы тығындар;
  4. Ас мәзіріне назар аударыңыз;
  5. Асқазаныңызды тексертіңіз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә