Алматыдағы дәмхана маңында топырақ көшкіні болды

Алматыдағы дәмхана маңында топырақ көшкіні болды
Фото: kazselezashita

ТЖМ Алматыдағы "Жайлау" этно-дәмханасы маңында топырақ көшкенін хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"23 наурызда Алматыдағы Медеу ауданында, топырақтың еріген сулармен батпаққа айналуы және жауын-шашын нәтижесінде этно-мейрамхана аумағында көлемі 107 текше метр топырақ көшкен.

"Қазаселеқорғау" ММ ақпаратына сәйкес, топырақ мейрамхананың шаруашылық құрылымына жетті, бірақ қирау мен құрбандар жоқ", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, дәмхана әкімшілігіне көшкін жағдайы тұрақталғанша мекемені жабу ұсынылған.

"Беткей геотормен нығайтылған, бірақ тау беткейінің айтарлықтай нығаюы байқалмайды. Тау баурайы көшкін қауіпі бар санатқа жатқызылады және қайталап топырақ көшу қаупі бар. Бұл жағдайда төрт қабатты дәмхана ғимараты мен қосалқы ғимараттарға қауіп төнеді", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан