Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап қаза болды

Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап қаза болды
Фото: uralskweek.kz

Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап, қаза болды. Бұл туралы "Мой город" басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Портал мәліметінше, бала небәрі 12-15 сантиметр тереңдіктегі суға құлап, тұншығып қалған. Оқиға Байғанин ауданындағы Ебейті ауылында 23 наурызда күндіз болған.

Аудан әкімдігі мәліметінше, еріген қар суы маңында екі бала ойнап жүрген. Судың тереңдігі небәрі 12-15 сантиметр болған, оған 4 жасар бала құлап, тұншығып қалған. Оны құтқару мүмкін болмаған.

Оның жанында тағы бір бала болған, ол аман-есен екені айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан