"Тверь аруы" байқауының жеңімпазы "Крокус сити холлға" жасалған шабуылда қаза тапты

"Тверь аруы" байқауының жеңімпазы "Крокус сити холлға" жасалған шабуылда қаза тапты
Фото: Әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

"Крокус сити холл" концерт залында болған теракт кезінде "Тверь аруы - 2001" сұлулық байқауының жеңімпазы Екатерина Новоселова қаза болды. Ол Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған қаза болғандардың ресми тізімінде көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Аргументы и факты" басылымына сілтеме жасап.

Новоселова 42 жаста болған. 2001 жылы ол "Тверь аруы" байқауының жеңімпазы атанған. Хабаровскіде дүниеге келгені, кейін әскери қызметкер болған әкесінің жұмысына байланысты ата-анасымен бірге Тверьге көшіп барғаны белгілі. Ол Тверь гимназиясында оқып, жергілікті мемлекеттік университеттің заң факультетін бітірген.

Бірнеше жыл бұрын Новоселова Мәскеуге көшкен. Ол сол күні концертке барған. БАҚ мәліметінше, оның артында Крокустағы атыс кезінде аман қалған ұлы, қызы және күйеуі қалды.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады. Атыс кезінде ғимаратта 6200-ге дейін адам болуы мүмкін – сол күні болуы керек концертке билеттер түгелге жуық сатылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан