Қазақстанның бес қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

Қазақстанның бес қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 24 наурызда Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды ​​қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан