Жүз грамм арақ ішу денсаулыққа пайдалы екені рас па?

Алкогольді аз мөлшерде ішудің пайдасы туралы ғылыми зерттеулер оның оң әсерін тым асыра көрсетеді. Бұл туралы ғылыми қызметкер Тим Стокуэлл мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "The Conversation" сілтеме жасап.

"Алкогольді аз мөлшерде ішетіндер көбінесе басқа салаларда да теңдестірілген өмір салтын ұстанады, бұл олардың денсаулығын жақсартуға көмектеседі", - деп түсіндірді ол.

Сарапшының пікірінше, созылмалы ауруларға шалдыққан алкогольді ешқашан ішпегендермен аз мөлшерде ішетін адамдардың денсаулығын салыстырғанда ішімдіктің емдік әсері қате жазылуы мүмкін.

Сонымен қатар, америкалық кардиолог Лесли Чо қызыл шараптың пайдасы да асыра сілтеп айтылғанын айтты.

Ал аптасына екі реттен көп алкогольдік сусын ішу тұрмыстық ішімдікке тәуелділіктің белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы нарколог-психиатр Владимир Каторгин жеткізді.

Хирург Александар Умновның айтуынша, шампан, мерекелік кештердегі әдеттегі алкогольдік сусын да денсаулыққа теріс әсер етуі ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін бір жыл алкоголь ішпесе, ағзада қандай өзгеріс болатыны хабарланған болатын.

Басылымның мәліметінше, алкоголь ішкеннен кейінгі ағзада пайда болатын уыттар толықтай екі-үш күн өткеннен соң ғана шығады. Десе де, бұл кезде дофамин деңгейі төмен болады, соның салдарынан адам әдеттегіден ашуланшақ болып жүреді. Алкогольден бас тартқанына бес күн өткен соң нәжісі қалыпқа келе бастайды, ал жеті күннен соң жақсы көңіл күй оралады. Екі аптадан соң терінің су тепе-теңдігі қалыпқа келіп, ол тері сапасының жақсаруына ықпал етеді.

Бір ай алкоголь ішпеу диабеттің және бауыр циррозының даму қаупінің азаюына әкеледі. Сондай-ақ қанда қант пен холестерин деңгейі қалыпқа келе бастағандықтан, ол дұрыс арықтауға ықпал етеді. Сонымен бірге когнитивті қызметтер де жақсарады: адам анық ойлай бастайды және жаңа ақпаратты меңгеруі бірнеше есеге артады.

Ал бір жыл алкоголь ішпесе, абстиненция белгілері кетеді және ұйқы сапасы жақсарады. Сондай-ақ тері, шаш және тіс жағдайы бұрынғыдан сау бола түседі және энергия деңгейі айтарлықтай артады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!