Диетолог шұжық қабығының денсаулыққа қаупі туралы айтты

Диетолог шұжық қабығының денсаулыққа қаупі туралы айтты
Фото: Freepik.com

Диетолог Полина Журавлева шұжықтың қабығы денсаулыққа зиянын тигізуі қаншалық мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман шұжық қабығының түр түрі бар екенін айтты, мысалы, целлофан, коллаген, талшық және полиамид. Олардың кейбірі өнімнен оңай алынып тасталса, енді бірін алу қиынға соғады.

Коллаген қабығы табиғи көрінуі мүмкін, бірақ оларды жеуге болмайды. Қабықтың кез келген түрі ағзаға зиян бояғышпен боялуы ықтимал, тіпті тығыз құрылымды болуы үшін құрамына қағаз қосылуы мүмкін.

"Қағаз асқазан-ішек жолында қалады, яғни "мүлдем" қорытылмайды. Сондықтан оны тұтынбаған абзал", - деп ескертті диетолог "ОСН" берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер денсаулыққа зиян тигізбеу үшін қандай шұжық түрін жеу керегін түсіндірген болатын.

Александр Умновтың айтуынша, күркетауық етінен дайындалған шұжық ең қауіпсіз болып саналады. Өйткені бұл құстың етінде май мөлшері аз. 

Дегенмен күркетауық етінен дайындалған шұжықты да рұқсат етілген мөлшерде ғана жеу керек. Себебі, кез келген шұжықта тұз көп.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә