Жүрек-қан тамырлары ауруларын тудырады. Ғалымдар диетаның танымал түрін ұстамауға шақырды

Жүрек-қан тамырлары ауруларын тудырады. Ғалымдар диетаның танымал түрін ұстамауға шақырды
Фото: pixabay

Америкадағы кардеологиялық қауымдастықтың сарапшылары 16:8 жүйесі бойынша үзіліссіз ораза ұстау жүрек және қан тамырлары ауруларының дамуына, денсаулықтың нашарлау қаупінің жоғарылауына байланысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Кардеология қауымдастығының дәрігерлері 20 000 американдық азаматтың медициналық деректерін талдап, тамақ қабылдауды сегіз сағатқа шектейтін танымал диета жүрек-қан тамырлары патологиясынан өлім қаупін 91 пайызға арттыратынын анықтады. Сонымен қатар, күніне сегізден көп, бірақ он сағаттан аз тамақтанатын адамдарда мұндай патологиялардан өлім қаупі 66 пайызға дейін төмен екенін дәлелдеді. 

Сарапшылар сегіз сағат тамақтанып, он алты сағат аш құрсақ жүру Дженнифер Энистон, Дженнифер Лопес және Хайди Клум сияқты атақты адамдар арасында өте танымал екенін атап өтті. Көптеген зерттеулерге сәйкес, қысқа мерзімде мұндай диета салмақ жоғалтуға, қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі, бірақ оның ұзақ мерзімді әсері аз зерттелген.

Кардиолог және зерттеудің бірлескен авторы Виктор Вензе Чжун 16:8 үзіліссіз ораза ұстаудың ықтимал артықшылықтарына қарамастан, дұрыс тамақтанудың оңтайлы диапазоны күніне 12-16 сағат екенін айтты. Жүрек-қантамыр аурулары немесе қатерлі ісік диагнозы қойылған емделушілер үшін бұл диетаны ұстану өте маңызды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов