Дәрігер адамдар елей бермейтін қауіпті ауруды ескертті

Дәрігер адамдар елей бермейтін қауіпті ауруды ескертті
Фото: depositphotos.com

Ішектегі май мен полиптер, яғни қатерсіз ісік қатерлі ісік ауруының қауіпті факторлары саналады. Бұл туралы онколог Анастасия Мариенко айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Онкологтың cөзінше, колоректальды қатерлі ісік көбіне кеш сатысында анықталады, өйткені оның белгілері ішектегі қабыну белгілеріне ұқсайды. Дәрігердің айтуынша, іштің жиі ауыруы мен құрысуы, нәжістің өзгеруі, қан пайда болуы, диарея, салмақ жоғалту оның тағы бір белгілері болуы мүмкін.

"Ішек қатерлі ісігінің қаупі ерте кезеңдерде жасырын түрде жүреді және білінбейді. Сондықтан жыл сайын тексерістен өту ұсынылады. Бұл шаралар ауруды ерте анықтауға және тиімді емдеуге мүмкіндік береді", - деді Мариенко.

Дәрігер қатерлі ісіктің себептерінің бірі болуы мүмкін қабыну процестерін тез арада емдеу маңызды екенін айтты.

"Ішектің қатерлі ісігі 90 пайыздан аса жағдайда 50 жастан асқан адамдарда кездеседі", - деді маман.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова