Ақтаудағы шағын ауданда ер адам өлі табылды

Ақтаудағы шағын ауданда ер адам өлі табылды
Фото: видеодан алынған кадр

Қайғылы оқиға 12-шағын аудандағы 34-үйде болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамның мәйіті жапсыра салынған ғимараттың төбесінен табылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады.

Желіде өліп қалған ер адамның жатқан видеосы тарады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан