Александр Шевченко Майамидегі турнирді жеңіспен бастады

Александр Шевченко Майамидегі турнирді жеңіспен бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Александр Шевченко Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан "Мастерс" сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 84-орында тұрған колумбиялық Даниэль Элай Галанды 6:7, 7:6, 7:5 есебімен ұтты.

Александр Шевченконың екінші айналымдағы қарсыласы әлемнің сегізінші ракеткасы, польшалық Хуберт Хуркач болмақ.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик осы турнирдегі алғашқы матчын өткізеді. Ол жарысты бірден екінші айналымнан бастайды. Қазақстандық теннисші италиялық Маттео Арнальдимен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан