Иммунитетті нығайтуға не керек?

Иммунитетті нығайтуға не керек?
Фото: depositphotos.com

Саңырауқұлақтарда вирустармен тиімді күресуге көмектесетін заттар бар. Бұл туралы диетолог Кара Лидон айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман саңырауқұлақтарда селен бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, зерттеулер арқылы бұл микроэлементтің жетіспеушілігі салдарынан иммундық жүйе ағзаға енетін вирустармен нашар күресетіні дәлелденген.

Сонымен қатар, Лидон саңырауқұлақтарда рибофлавин мен ниацин көп екенін айтты, олар да иммундық жүйенің жұмысында маңызды роль атқарады.

"Әртүрлі қоректік заттардың жетіспеушілігі, яғни А, С, Е, В, Д дәрумендері, селен, мырыш, темір, мыс және фолий қышқылы жетіспеуі ауруға бейімділікті арттырады", - деді ол.

Сонымен қатар, диетолог иммунитетті нығайту үшін қырыққабат, сарымсақ, сұлы жармасы, бадам жеуге кеңес берді. Оның айтуынша, бұл өнімдерде аурулармен күресуге көмектесетін көптеген зат бар. Сондай-ақ, олар аурулардың алдын алуға да көмектеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова