Алматыда жоқ тауарларды сатқан күдікті ұсталды

Алматыда жоқ қызғалдақтарды сатқан күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

35 жастағы қала тұрғыны қолында жоқ қызғалдақ гүлін сату арқылы табыс табуды ұйғарды. Ер адам түрлі интернет сайттарында қызғалдақ гүлін нарық бағасынан төмен бағада сататыны туралы хабарландыру жариялаған.

"Аңғал азаматтар гүлдерге жаппай тапсырыс беріп, ақшаны "сатушының" шотына аударған. Қазір тергеушілерде осыған ұқсас 6 дерек бар. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысында күдікті қамауға алынды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!