Тоқаев Жәмила Серкебаеваның таланты мен кәсібилігін жоғары бағалады

Тоқаев Жәмила Серкебаеваның таланты мен кәсібилігін жоғары бағалады
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаеваны қабылдады Кездесу барысында Алматының мәдени өмірі жайында сөз қозғалып, Қазақстандағы классикалық музыканы дамыту перспективасы қарастырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жәмила Серкебаеваның таланты мен кәсібилігін жоғары бағалап, оның елімізді ғана емес, шетелді де мойындатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Жәмила Серкебаева музыка өнеріне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі музыкалық инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан