БҚО-да заңсыз темекі тасымақ болғандар ұсталды

БҚО-да заңсыз темекі тасымақ болғандар ұсталды
Фото: Мой Город

БҚО-да заңсыз темекі тасымақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Орал-Бузулук тасжолында Volvo маркалы екі ауыр жүк көлігі тоқтатылған. Көліктердің бірінен тәртіп сақшылары 1348 қорап ірімшік тапты.

Жалған құжаттарға сәйкес олар тұз ретінде тасымалданған. Ірімшіктің шамамен құны 320 миллион теңге тұрады.

Келесі жүк көлігінде полицейлер акцизсіз тасымалданған 1755 қорап темекі тапты. Оның ішінде жалған құжаттарымен 87 755 темекі бар болып шыққан. Тәркіленген темекінің шамамен құны 350 миллион теңгеден асты. Контрабандалық тауарлар бойынша күдіктілер мемлекеттік шекарадан өтуді көздеген.

Алынған тауардың алдын ала сомасы 670 миллион теңге болады. Іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова