БАӘ-ден аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

БАӘ-ден аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істерминистрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істерминистрлігінің көмегімен күдікті Ш-ны аса ірікөлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстықжауаптылыққа тарту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2010 жылы танысын алдау жолмен банктік несие алу үшін кепілдік беруші ретінде әрекет етуге көндірген және ақша қаражатын алғаннан кейін жасырынып, жәбірленушіге 260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.  

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, 10 жылдай халықаралық іздеуде болған. Өткен жылдың соңында ол Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан