Астанада баланы қағып кеткен ер адамды куәгерлер қуып жетіп, ұстап алған

Астанада көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол апаты болған жерден қашып кетті. Оны оқиға куәгерлері қуып жетіп, ұстап алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде оқиғаның видеосы тарады.

Полиция департаменті жүргізушінің кім екені анықталғанын хабарлады. Қазір тексеру жүріп жатыр.

"Полиция екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні анықтады. Ол ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!