Алматы төтенше жағдайлар департаменті экс-басшысының жазасы өзгерді

Алматы төтенше жағдайлар департаменті экс-басшысының жазасы өзгерді
Фото: rsk.almaty.kz

Жемқорлық үшін сотталған Алматы төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы бастығы Алмат Жанысбаевтың жазасы өзгертілді. Тиісті қаулыны Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 8 желтоқсанда Қостанай соты Жанысбаевты кәсіпкерден жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің экс-басшысы арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот алқасының қаулысына сәйкес, енді сотталған азаматтан мемлекет кірісі ретінде 8 840 000 теңге өндірілмек. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан