Қостанайда жүргізуші полицейлердің ескертуін елемей, қарсылық көрсеткен: видео

Қостанайда жүргізуші полицейлердің ескертуін елемей, қарсылық көрсеткен: видео
Фото: видеодан алынған кадр

Қостанайда полицияға бағынбаған жүргізушіге 130 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот осындай шешім шығарды.

19 наурызда Lada Granta жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойында көлігін дұрыс қоймаған. Патрульдік полицияның ескертуін елемей, қызметкерлерге қарсылық көрсеткен. Енді ол екі дерек бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

Полицейлердің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 110 мың теңге, тұрақ ережелерін бұзғаны үшін - 18 мың теңге айыппұл тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан