Алматыдағы үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты: сот процесінің екінші отырысы өтті

Алматыдағы үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты: сот процесінің екінші отырысы өтті
Фото: Massaget.kz

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында көлік жүргізушісін ұрып, артынан үш адамның өліміне себепкер болған Дархан Ахметжановқа қатысты сот процесінің екінші отырысы өтті. Бүгін куәгерлерің сөзі тыңдалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Автобус көпірден төмен түскенде алдымен "Мазда" автокөліген соқтығысады. Сол сәтте иесі М. Төребеков рөлде отырған. Бүгін ол куәгер ретінде шақыртылды. Айтуынша, сол түні дене жарақатын алып, емханаға түскен. Сондықтан бұл істе өзін куәгер емес, "жәбірленуші" деп тануды сұрайды. Емханада Ермек Шөкебаевамен бір бөлімде жатып, бір апта емделген көрінеді.

"Соққыдан басым жарылып, Қалқамандағы аурухананың нейрохирургия бөлімінде емделдік. Палатамыз да жақын болды. Оның жағдайы нашар болды деп айта алмаймын. Телефонмен сөйлесіп жүргенін жиі көретінмін. Бұлар ісіті бұрмалап, мені жәбірленуші емес, куәгер деп жазды. Соны өзгертуін талап етемін", - дейді ол.

Жауап кезінде Төребеков үш айдан бері көлігінің жөнделмегінін, автопарк тарапынан ешқандай материалдық көмек көрсетілмегенін айтты. Ал автобус қаққан азаматтың жары Айнұр Құсайынова Шөкебаеваны есінен танып, рөлге ие бола алмай қалғанына сенбейді.  Бұған дейін ол жүргізушіні куәгер емес, күдікті ретінде танып, қылмыстық жауапқа тартуды сұрады.

"Бүгінгі отырыста сотқа күәгер ретінде шақыртылған адамдардың жәбірленуші екені белгілі болып жатыр. Сот неге соған назар аудармайды. Тергеу нәтижесіне көңілім томайды. Жәбірленгендер әлі де болу мүмкін. Автопарк басшылығы бұл отырысқа слытауратып келмеді. Өйткені ары шыдамайтыны анық. Біз іс ашы әрі іділ болсын деп тілейміз", - дейді қаза болған А.Құсайыновтың жары.

Ал Шөкебаеваны ұрған Дархан Ахметжановқа Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол кінәсін кінәсін мойындады. Келесі сот процесі наурыздың 26 күні өтетін болды.

Саламат Сабыр

 

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан