Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс бойынша басты сот талқылауының күні белгіленді

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты баспасөз қызметі хабарлады.

Оған Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жылыстатты) деген айып тағылды.

Басты сот талқылауы 2024 жылғы 1 сәуір сағат 10:00-ге белгіленді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз