Дәрігер ешқандай белгісіз дамитын бүйректің қауіпті екі ауруы туралы айтты

Дәрігер ешқандай белгісіз дамитын бүйректің қауіпті екі ауруы туралы айтты
Фото: Freepik.com

Несеп-тас ауруы алғашында ешқандай белгі көрсетпей, кейін қатты ауырып бастайды. Уролог Павел Низин несеп-тас пен тағы бір қауіпті ауру туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известия" сілтеме жасап.

Зәр шығару жолындағы тастар зат алмасудың бұзылуынан пайда болады. Маманның айтуынша, бұған әртүрлі фактор әсер етеді, олар: инфекциялық емес, жұқпалы, генетикалық және дәрілік. Ол аурудың қауіпті екенін түсіндірді, өйткені ол бүйрек жамбасынан қуыққа несеп ағынын бұзады, салдарынан ағза шамадан тыс созылып, қатты ауырады.

Павел Низин несеп-тас ауруы ешқандай белгі көрсетпейтінін жеткізді. Мұның себебі тас зәрдің ағуына кедергі келтірмейтіндей етіп орналасуы. 

"Тас несепағар қабырғасын "тырнау" арқылы ауырсынуды тудырады деген пікір бар, бірақ бұл жай ғана аңыз", - деді дәрігер.

Сонымен қатар, уролог бүйректің созылмалы ауруы да ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін екенін ескертті. Алайда орган қызметі бұзыла береді, яғни қанды нашар сүзеді, электролит пен су деңгейін реттемейді және тағы басқа. Дәрігердің сөзінше, адамдар бастапқыда өзгеріс байқамайды, бірақ жағдай нашарлаған сайын бет ісіп, қан қысымы көтеріледі.

Айта кетейік, бұған дейін бүйрек қатерлі ісігінің 8 белгісі хабарланған болатын. 

Ең бірінші белгісі - қан сию (гематурия). Зәрдің қан аралас шығуы күшеюі немесе аздан күннен соң тоқтауы да мүмкін. Бұл жағдайда бірден дәрігерге көріну қажет.

Келесі белгісінің бірі - бүйірдің ісуі. Одан кейінгі симптомдары қатарына тәбет тартпауы, салмақ жоғалту, жоғары температура мен терлеу, әлсіздік, мазасыздық және арқадағы қабырға асты ауруы жатады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ қыз-келіншектері қандай әшекей таққан?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә