Йод жетіспесе ағзада қандай өзгерістер болады?

Йод жетіспесе ағзада қандай өзгерістер болады?
Фото: depositphotos.com

Ирина Лялина иммунитет пен қалқанша безге қажет минералды қайдан іздеу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Йод - қалқанша безінің гормоны тироксиннің синтезіне қатысатын негізгі компонент, оған адам тұтынатын барлық минералдың 90 пайызына дейін жұмсалады. Бұл микроэлементтер метаболизмге, мидың дамуына және жұмысына, тіпті құрсақтағы ұрыққа да қажет. Денеге йод жеткіліксіз болған кездегі жағдай йод тапшылығы деп аталады.

Ирина Лалинаның айтуынша, йодтың жетіспеушілігі зоб (қалқанша безінің тұрақты ісік тәрізді ұлғаюы) және гипотиреоз сияқты әртүрлі аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, йод тапшылығы сүт безі, аналық безі ісігінің даму қаупін арттырады.

Денедегі йод тапшылығының белгілері:

  • салмақ қосу;
  • әлсіздік және шаршау;
  • тоңып жүру;
  • жүрек ырғағының өзгеруі;
  • құрғақ және қабыршақты тері;
  • шаштың түсуі;
  • іш қату;
  • бас ауруы.

Қандай тағамдарда йод көп?

Тізімде теңіз өнімдері (теңіз қырыққабаты және теңіз балығы) көш бастап тұр. Олар ағзаның күнделікті йодқа деген қажеттілігінің едәуір бөлігін қамтамасыз ете алады.

"Оларды аптасына 1-2 рет жеу жеткілікті", - дейді Ирина Лялина.

Мына тағамдар йодқа бай:

  • сүт өнімдері;
  • жұмыртқа;
  • көкөністер: шпинат, брокколи, бұршақ;
  • картоп;
  • құрма;
  • қара өрік;
  • құлпынай;
  • мүкжидек.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова