Мамандар картопты қайда сақтау дұрыс екенін айтты

Мамандар картопты қайда сақтау дұрыс екенін айтты
Фото: pixabay.com

Картоп дұрыс сақталмаса, бүлініп, пайдаға жарамай қалуы мүмкін. Мамандар оны қайда сақтау дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Картопты тоңазытқыштың төменгі сөресіне қоятындар аз. Алайда сарапшылар бұл өнімді алты айға сақтауға мүмкіндік беретін әдіс екенін анықтаған. Бұған дейін картопты тоңазытқышта сақтау қауіпті деген түсінік болды. Өйткені картопта суықта акриламид өндіріледі деген пікірлер болған.

Ал акриламид - крахмал өнімдерінде түзілетін химиялық зат. Ғалымдар акриламидтің қатерлі ісік қаупін арттыруы мүмкін екенін айтады.

Express мәліметінше, кейінгі зерттеулер арқылы картопты тоңазытқышта сақтау қауіпті қосылыстың пайда болуына әкеп соқпайтыны дәлелденген.

Барлық көкөніс пайдалы, бірақ картоп емес деген пікір де бар екен. Диетолог Алексей Кабановтың сөзінше, картоп құрамында калий көп, бұл жүрек-қан тамырлары жүйесінің қалыпты жұмысына көмектеседі. Картоп хлороген қышқылының қайнар көзі саналады. Алайда күніне 100-200 грамм көкөніс зиянын тигізбейді.

Картопты дайындаудың ең пайдалы нұсқасы - қайнату. Маман көк шөптерді қосу да пайдалы екенін жеткізді. 100 грамм картопта мына заттар болады:

  • ақуыздар - 2,05 г; 
  • майлар - 0,09 г;
  • көмірсулар - 17,49 г.
  • Ал энергетикалық құндылығы - 77 калория.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова