7 жастағы Милана Давыдованың өлімі: қыздың анасы қанша жылға жазалануы мүмкін?

7 жастағы Милана Давыдованың өлімі: қыздың анасы қанша жылға жазалануы мүмкін?
Фото: Tengrinews.kz

Павлодар облысында өз анасының қолынан қаза тапқан жеті жастағы Милана Давыдованың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтетін күн белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері сот отырысы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтетінін айтты.

"Милана Давыдованы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша судьяның қарауына жіберілді. Алдын ала тыңдау 26 наурызға белгіленді", - деп түсіндірді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

Бұл баптың санкциясында 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Еске салайық, былтыр 17 қарашада Павлодар облысының Бесқауға ауылында жеті жасар Милана Давыдова жоғалып кетті. Анасының айтуынша, ол қызын іздестіріп таба алмаған соң, полицияға хабарласқан.

Миланы 500-ден аса адам: еріктілер, кинологтар іздестірді. Жүзден аса техника, сондай-ақ "Қазәуеқұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Жеті жастағы қызды іздеуге Павлодар облысына басқа қалалардан да еріктілер барған.

Милана Давыдованың мәйіті 19 қарашада табылды. Жедел іздестіру және тергеу шаралары барысында кәмелетке толмаған қыздың жоғалуының мән-жайы мен себептері анықталды. Күдікті ретінде қыздың анасы мен оның танысы ұсталды.

Былтыр қарашада Милана Давыдовамен соңғы сапарға шығарып салуға жүздеген адам жиналды. Жерлеуге қыздың әкесі, жақын туыстары, еріктілер, жергілікті әкімдік өкілдері және Екібастұз тұрғындары қатысты.

Еріктілер жерлеу рәсімінде әйелдің әрекетіне қатысты адам шошырлық жайттарды айтты. Кейін бұл іске қатысты бірден бірнеше шенеунік жазаланғаны айтылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек