Баланың ертеңі үшін қандай инвестиция сала аламыз?

Баланың ертеңі үшін қандай инвестиция сала аламыз?
Фото: pixabay.com

Korea Advanced Institute of Science and Technology университетінің түлегі, Қаржыгер Дана Молдақұлова баланың ертеңіне арнап салуға болатын инвестициялар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Aqyl бағдарламасының негізгі мақсаты - баланың оқуына қаражат жинау. Бұл депозит еліміздегі ата-аналар үшін аса пайдалы әрі қаржы жинаудың тиімді тәсілі болып отыр. Себебі, алдағы жылдары оқушылар үшін жоғары оқу білімге гранттар саны қазіргідей көп бөлінбеуі мүмкін. Әрине, грант болады, бірақ жалпы оқуға бөлінетін гранттар саны азаймақ. Бұл туралы министрлік те мәлімдеме жасаған болатын. Сондықтан бұл инвестиция көзін жас ата-аналар пайдасына жаратуы керек. Егер баласы келешекті грант иеленіп жатса да, Aqyl-ға салған қаражатын шешіп алып, басқа мақсаттарына жұмсай алады. Яғни жылдар бойы жиналған қаражат ата-анаға немесе балаға қайтарылады", - деді Дана Молдақұлова.

Молдақұлованың айтуынша, баланың Ұлттық қордағы шотына жиналған ақшаны салымшылар Aqyl депозитіне аудара алады. Тек депозитке уақытылы тоқтаусыз қаржы салынып отыруы керек.

Сондай-ақ Қаржыгер қоғамда тек бүгінгі күнмен өмір сүретін адамдар көп екенін айтады.

"АҚШ, Корея және Жапония елінде ата-ана баласы дүниеге келе сала, оның шотына қаржы құяды. Бұл дәстүр елімізге де сіңуге тиіс. Сол сияқты біздің халыққа да ұзақ мерзімді жоспалар құру керек. Әйтпесе, ҰБТ басталған кезде ғана қаржы мәселесін ойлап, сары уайымға салынамыз. Кейін баласы ҰБТ-дан сүрініп, оқуға түсе алмай қалса, кредит алып жатады. Біздің қоғам осындай әдет жиі қайталанады. Бұл қоғамда ұзақ мерзімді жоспар құрудың қалыптаспағынан деп есептеймін", - деді қаржы маманы.

Балаға инвестиция жасауды қалай үйретуіміз керек? 

Қаржы маманының сөзінше, баланың ақшаны қалай ұстауы тікелей ата-анаға байланысты. 

Егер үйде ақша жинақы ұсталса, инвестиция сынды тақырыптар жиі талқыланса, балада қаржы туралы оң түсінік қалыптасады. Біз болашақ ұрпаққа ақшаны ұзақмерзімге әрі жоспарлы түрде пайдалануды үйретуіміз керек. Оларға бәрі бір күнде жиналып, мақсатқа жету мүмкін еместігін ерте түсіндірген жөн. Егер ата-ана ретінде 5-10 жас аралығындағы балаңызға мұндай кеңестерді бере бастағыңыз келсе, қарапайым дүниелерден бастаңыз. Мәселен, жатар кезде кітап немесе ертегі оқып беруіміз қажет. Оның ішіндегі кейіпкердің қаржылық мақсаттарын түсіндіріп, оқиға ретінде баяндап беруге тиіспіз. Яғни психологиялық тұрғыда бойына сіңіріп, ойлау деңгейін қалыптастырған жөн.

"Біздің әке-шешеміздің қатарынан біраз қателік кетті. Себебі, олардың қаржылық сауаттылық жағынан нақты тәжірибесі болған жоқ. Соның зардабын қазіргі ұрпақ көріп отыр. Жалпы үйде баланың көзінше "ақша жоқ", "кредит төлеу керек", "көп ақша жемқорлықпен келеді" деген сынды негативті әңгімелер қозғалмауы керек. Ол пікірлер бейсаналы түрде баланың ойына құйыла береді және оның ақшаға деген жағымсыз көзқарасы қалыптасады. Сондықтан ата-ана "жоқ мен оқитын жастан өтіп кеттім" деп сылтау айтпай, бірінші кезекті өзі білім жинауға тиіс", - деді сарапшы. 

Бүгінде баланың ертеңіне ақша жинаудың әдісі жетіп артылады. Біз соның бірі - Aqyl депозиті. 

Аталған AQYL білім беру депозитіне банктен пайыздар (банкке байланысты) және 5 пайыз немесе 7 пайыз мемлекеттен жыл сайын сыйақы есептеледі. Мемлекет сыйақысы жыл сайын банктің сыйақыларымен бірге есептегендегі салымдағы жалпы сомаға, бірақ бір жылда 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде аударылады:  

7 пайыз басым санаттағылар үшін: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы отбасынан шыққан және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар; 
5 пайыз басқа санаттағы ҚР азаматтары үшін.  

Минимал бастапқы жарна – 3 АЕК. Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.

Депозитті ашу үшін қандай құжат керек? 

 - Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі; 
 - Баланың туу туралы куәлігі және ЖСН; 

Грантқа ие болған салымшының қандай құқықтарға ие?

1. Депозиттен жинақты алу;  
2. Ақшаны басқа баланың атына аудару; 
3. Білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

AQYL білім беру жинақтау депозитінің ерекшеліктері қандай? 

 - AQYL  білім беру жинақтау депозиті мемлекет сыйақысымен көтермеленеді;
 - мемлекет сыйлықақысы табыс түрі ретінде есептелмейді. Сәйкесінше, салықтан босатылған;
 - AQYL білім беру жинақтау депозиті — жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру қорының нысаны (10 млн.теңгеге дейін);
  - мемлекет атынан ҚР БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ның 100 пайыз кепілдігімен Банктен білім кредитін алуға мүмкіндік бар.

Tabys қосымшасы

Қосымшаның құрылымы түсінікті әрі қарапайым.

Азаматқа тек қай салаға инвестиция салатынын таңдап алу керек. Мәселен, мұнайға немесе дамушы нарықтардың компанияларының облигацияларына. Осыдан кейін бірнеше қарапайым қадаммен биржалық нотаны сатып алады. Ақша азаматтың банктік картасынан алынып, биржалық ноталар шотыга енгізіледі. 

Tabys-қа инвестиция салу үшін қандай білім керек? 

Tabys көмегімен биржалық ноталарды сатып алу үшін арнайы қаржылық біліміңіз болуы міндетті емес. Қосымшаның түсінікті интерфейсі мен қаржылық құралдардың қарапайым құрылымы сізге инвестициялауды оңай бастауға мүмкіндік береді.

Инвестиция салу үшін қанша сома ақша керек? 

Әр адам бір биржалық нота сатып алып, минималды сомадан бастай алады. Бір биржалық нотаның құны $1 мен $40 аралығында (еск -ноталардың құны құлдырап немесе өсіп, өзгеруі мүмкін екенін ескеру керек).

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Ордабаев