Дәрігерлер сүт безі қатерлі ісігінің сіз білмеуіңіз мүмкін белгілерін атады

Дәрігерлер сүт безі қатерлі ісігінің сіз білмеуіңіз мүмкін белгілерін атады
Фото: ru.freepik.com

Соңғы жылдары сүт безі қатерлі ісігі жайлы біраз адам хабардар. Көптеген әйелдер мен ерлер оның бұл аурудың негізгі белгілерін біледі. Алайда сүт безі қатерлі ісігінің жасырын белгілері де бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Styler-ге сілтеме жасап.

Емшектен сұйықтық ағу

Егер жүкті болсаңыз немесе жақында бала босанған болсаңыз, бір немесе екі емшектен сұйықтық ақса, бұл қалыпты жағдай. Егер балаңыз болмаса, бұл сүт безі қатерлі ісігінің бастапқы кезеңде білінетін белгісі болуы мүмкін. Бірақ пролактин гормоны көп болса да емшектен сұйықтық ағуы мүмкін. Десе де, егер өзіңізден бұл белгіні байқасаңыз, дәрігерге көрініп себебін анықтаған жөн.

Емшектен қан аралас сұйықтық шығу

Емшек ұшының қанауының немесе одан қан аралас сұйықтықтың шығуының себептері көп: омырауды қатты қысып тұратын киімнен бастап сүт безі қатерлі ісігіне дейін. Сондықтан егер бұл белгіні байқасаңыз, дәрігерге көрінген дұрыс.

Лимфалық түйіндердің үлкейіп кетуі

Лимфалық түйіндер – ағзаға ауру шақыруы мүмкін бактериялар, вирустар және басқа да зиянды заттарды сүзгілеуге және жоюға көмектесетін жасушалар жинағы. Кейде сүт безі қатерлі ісігі кезінде қолтық тұсында лимфалық түйіндер ісіп кетеді.

Емшектің қышуы

Емшектің қышуы қарапайым нәрсе және ол өздігінен кетуі керек. Алайда сүт безі қатерлі ісігінің сирек кездесетін түрі бар: бұл кезде қатерлі ісік емшек ұшынан басталып, оны қоршаған теріге таралады. Оның негізгі белгісі – қышу. Сондықтан оны дерматит немесе экземамен шатастырып алуыңыз мүмкін. Егер емшектің қышуы өздігінен немесе қышуға қарсы кремдерге кетпесе, міндетті түрде дәрігерге көріну керек.

Омыраудың сезімтал болуы және ісіп кетуі

Бұл белгінің пайда болуының бірнеше себебі бар. Инфекция – қарапайым нәрсе. Бірақ кейде ол сүт безі қатерлі ісігі болуы мүмкін. Бұл кезде омырауда мынадай өзгерістер болуы мүмкін:

  • Үлкейіп кетті;
  • Түссізденіп кетеді;
  • Ерекше жылы;
  • Апельсин қабығы секілді ойықтары бар;
  • Сезімтал.

Оқи отырыңыз: "Жыныстық қатынасқа ерте түсу". Жатыр мойны қатерлі ісігі неліктен пайда болады?

А. Жапатова