Қаржы пирамидаларының чаттары анықталды

Қаржы пирамидаларының чаттары анықталды
Фото: depositphotos.com

Қаржы пирамидаларының чаттары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларының құрылған сәтінен бастап, ерте анықтау үшін әлеуметтік желілерге талдау жүргізіліп жатыр.

Биыл бұғаттауға 600 мың адам аудиторияны қамтыған, мыңға жуық қаржы пирамидаларының белгілері бар сайттар мен шоттардың сілтемесі жіберілді. Тек соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды.

Олар бойынша «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды.

Осылайша, 126 мың азаматтың одан әрі қаржылық шығындарының алды алынды.

73 мың аудиториясы бар 7 ірі шетелдік жоба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Eolus, Ниса, GPIBS, Дари получай, Чароит, Carhomi, Beefre).

Бір пирамида бойынша сот үкімі бар (Eolus-үкім 23.02.2024 ж.шығарылды).
Сонымен қатар, оларды толығымен жою үшін Агенттік қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген күдіктілердің орналасқан жері жайлы ақпаратпен ТМД бойынша әріптестерін хабардар етті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина