Сарапшы ер адамдардағы мерездің жиі кездесетін белгісін атады

Сарапшы ер адамдардағы мерездің жиі кездесетін белгісін атады
Фото: depositphotos.com

Мерез - бозғылт трепонемадан (Treponema pallidum) туындаған жүйелі инфекциялық жыныстық жолмен жұғатын ауру. Сарапшы Навин Хосла ер адамдардағы мерездің түсініксіз, бірақ жиі кездесетін белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам назар аудармауы мүмкін, бірақ жиі кездесетін белгілерге шаш, сақал және қастың түсуі жатады. Бұл белгілер мерездің кеш кезеңдерінде пайда болуы мүмкін.

Әрине, ер адамдарда жиі кездесетін шаштың түсіп, жұқаруы немесе қасқабас болуы әрқашан ЖЖБИ белгісі бола бермейді. Дегенмен, шаш тек бір жерден емес, бірнеше аймақтан түсуі жыныстық инфекцияны көрсетуі мүмкін.

Мерездің тағы басқа белгілері:

  • жыныс мүше, қынап немесе айналшық айналасындағы ұсақ жаралар (әдетте ауырмайды);
  • ауыз, ерін, қол және басқа аймақтардағы жаралар;
  • алақан мен табанға бөртпе шығады (ол әдетте қышымайды, бірақ бүкіл денеге таралады);
  • қабынған бездер;
  • тұмауға ұқсас белгілер, соның ішінде жоғары дене қызуы, бас ауруы және шаршау;
  • ауыздағы ақ дақтар;
  • жыныс мүше, қынап немесе айналшық айналасында ақ немесе сұр сүйел өсінділері.

Айта кетейік, бұған дейін қол алысу арқылы жұғуы мүмкін 8 ауру хабарланған болатын.

  • Мерез;

Мерез негізі жыныстық жолмен жұғады. Мерездік түзілімдер жыныстық органдарда жылдам дамиды. Алайда, жеке гигиенаны дұыс сақтамау жаралардың алақанда да түзілуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ қол алысу кезінде осы ауру шақыратын ағарған трепонема бір адамнан екінші адамға жұғады. Мұндайға жол бермес үшін қорғалмаған жыныстық қатынастан аулақ болыңыз және бүкіл дене гигиенасын сақтаңыз.

  • Ерін ұшығы;
  • Қышыма;
  • Тыныс алу органдарының асқынған аурулары;
  • Тері зең аурулары;
  • Сальмонеллез;
  • Қантышқақ;
  • Папиллома вирусы.

Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыда Наурыз қалай тойланады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә