Ораза-2024. Сәресі ішудің қандай пайдасы бар?

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталды. Сәресі ішудің өз артықшылықтары бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Сәресі ішудің өзіндік берекеті мен артықшылықтары бар:

  1. Сәресін ішуге тұрған адамға Алла мен Оның періштелері салауат айтады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Расында, Алла және Оның періштелері сәресі ішкендерге салауат жолдайды", – деген.
  2. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті орындалады; 
  3. Құлшылыққа күш-қуат береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Күндізгі оразаларыңа сәресінің асын ішіп көмектесіңдер", – дейді.
  4. Ширақтықты арттырады (белсенділік, энергия, т.б); 
  5. Аштықтан келетін нашар мінездің алдын алады; 
  6. Сəресі дұғаның ең қабыл болатын кезіне сәйкес келеді; 
  7. Сəресіде ниетті түзеп, ықыласты арттыруға мүмкіндік туады; 
  8. Сәресіне тұрған адам таң намазына ұйықтап қалмайды.

Сондықтан мұндай пайдалардан құр қалмас үшін сәресіне тұрған жақсы. Алайда сәресі іше алмай қалып, ауыз бекіткен адамның оразасы дұрыс саналады. 

Оқи отырыңыз: Ораза кезінде қалай тамақтану керек? Нутрициолог кеңесі