Cолтүстікте бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Cолтүстікте бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: "Астана" телеарнасы

Елдің солтүстігіндегі тағы бір ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты. Қарағай тұрғындары он жылдан бері ішімдік ішпейді. Олар шаруашылықпен айналысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Петропавлдан 150 шақырым жерде орналасқан Қарағай ауылында 88 адам тұрады. Мұнда жастар аз, өйткені барлығы қалаға кеткен. Ауылда қалғандар - он жылдан аса уақыт бойы мал өсірумен айналысқандар. Тұрғындардың сөзінше, ішімдік туралы ойлауға уақыт та жоқ.

"Бұрын бізде екі дүкен болған, бірақ олар жабылып, көшіп кетті. Қазір бізде дүкен жоқ. Ауылда ішімдік ішетіндер де жоқ. Негізінен ересектер қалды. Жастар жоқ, олардың барлығы қалада. Мұнда тыныш, ауылда бір-бірімізді білеміз", - дейді ауыл тұрғыны Бақыт Абылаева.

"Мен мұнда 70 жылдан аса уақыт тұрдым. Ішімдік баяғыда ұмытылған. Оған уақыт та жоқ. Әркімнің өз уайымы бар. Мереке күндері ішімдік туралы да еске алмаймыз", - дейді ауыл тұрғыны Мәжит Мұқашев.

Қарағайда қылмыс та тіркелмейді екен.

"Солтүстік Қазақстан облысында мұндай бес елді мекен бар, олардың тұрғындары ішімдік ішуден бас тартқан. Бұл Тайынша ауданының Теңдік ауылы, Айыртау ауданының Қарасай батыр және Бірлестік ауылы, Есіл ауданының Қарағай ауылы, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Қауырсын ауылы. Әр елді мекенде 100-ден 500-ге дейін адам тұрады. 2022 жылдан бастап бұл елді мекендерде бірде-бір қылмыс жасалған жоқ", - СҚО ПД өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартқаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова