"Жүкті әйел жансақтауда жатыр": БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

"Жүкті әйел жансақтауда жатыр": БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: "Мой Город"

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, тасжолда үш көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Көліктер Бөрлі-Ақсай тасжолында соқтығысқан. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурызда сағат 9:00 шамасында болған.

"BMW, Lada Granta және Skoda соқтығысқан. Апат салдарынан қайтыс болғандар жоқ, бірақ зардап шеккендер бар. Мән-жайы анықталып жатыр", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Кейінірек оқиға салдарынан бес адам зардап шеккені белгілі болды. Олар Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді.

"31 жастағы әйел жүктіліктің 28-аптасында. Ол жансақтау бөлімінде. Оның жағдайы ауыр. 40 жастағы жәбірленуші хирургия бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалайды. Қалған науқастарды амбулаториялық ем тағайындалды, олардың ішінде 44 және 35 жастағы екі ер адам, сондай-ақ, 35 жастағы әйел бар", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова