Бішкек тұрғындары жер сілкінісін сезді

Қырғызстан астанасының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Дүмпу жергілікті уақыт бойынша 21:05-те болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еуро-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 217 шақырым және Бішкектен оңтүстікке қарай 48 шақырым жерде болған. Тереңдігі - 11 шақырым.

Бішкек пен Кантта жер сілкінісін тұрғындардың көпшілігі сезінді, деп жазды "Короче" Telegram-каналы.

Еске салайық, 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Жерасты дүмпулері Бішкекте де сезілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз