"Көпшілік шатастырады". Тоқ ішек қатерлі ісігінің белгілері қандай?

"Көпшілік шатастырады". Тоқ ішек қатерлі ісігінің белгілері қандай?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Маман кімдер тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдығатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№11 қалалық емхананың онкологы Айдын Сатыбаевтың сөзінше, тоқ ішек қатерлі ісігімен ауыратындардың 90 пайызы - 50 жастан асқан ерлер мен әйелдер. Яғни жасы ұлғайған сайын ауруға шалдығу қаупі артады.

Дәл осы жастан бастап науқастарды анықтау үшін салыстырмалы түрде қарапайым, қолжетімді және ақпаратты зертханалық, аспаптық диагностикалық әдістерді қолдана отырып, скринингтік тексеру бағдарламалары жүргізілуі керек.

"Қазақстанда тоқ ішек қатерлі ісігінің скринингі 50-70 жас аралығындағы жасырын қан анализі, колоноскопия арқылы тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігін және алдын ала ісіктерін ерте анықтау мақсатында емханада 2 жылда бір рет жүргізіледі. Скрининг тегін. Жалпы тоқ ішектің қатерлі ісігі - жыл сайын жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі. Сонымен қатар, тоқ ішек ісігін ерте кезеңде анықтау заманауи емдеу әдістерінің барлық спектрін барынша пайдалануға және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін әрқашан есте ұстауымыз керек", - деді онколог.

Ауру бастапқыда байқалмайды екен. Маманның сөзінше, адамдар басқа проктологиялық және хирургиялық аурулармен шатастырып жатады.

Қатерлі ісік белгілеріне не жатады?

  • Дәретханаға жиі бару;
  • Оның ішінде жиі іш қату немесе диарея;
  • Ішек қозғалысынан кейін нәжісте қан; тік ішектен әртүрлі қарқында қан кету;
  • Таспа нәжіс;
  • Іштің ауырсынуы мен спазмы; газ түзілуінің жоғарылауы; толық емес ішек қозғалысы сезімі.

Қатерлі процестің жалпы белгілеріне аз уақытта салмақ жоғалту және шаршау да жатады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова