"Ағамды біреулер пышақтап кетті". Әнші Қанай өміріндегі ауыр жайтты еске алды

Қанай лақапатымен танымал әнші өміріндегі ауыр жайт туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің "Қара бұлтың көшсін" атты әні жарық көрді. Оның сөзінше, бұл әннің өз тарихы бар.

"Осыдан 9 жыл бұрын мен Алматы қаласында жүргенде ауылдан, Құлсарыдан суық хабар келеді. "Нұрболат, сенің ағаңа белгісіз біреулер пышақ салып кетті. Ағаңнан айырылып қалдық" деген. Ағамның артында бір ұлы мен бір қызы қалып қойды. Біздің әулетке сол жылдары өте қиын болды. Қазір, Аллаға шүкір, баласы да, қызы да күшті болып өсті. Бірақ жеңешем әлі тұрмыс құрған жоқ. Бұл оқиғаның айтылу себебі осы ән арқылы ағамның соңғы сөзін, сағынышын жеңешеме жеткізгім келді. Жеңеше, сен бақытты болуға лайықтысың", - дейді әнші.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!