Оралда түлкі видеоға түсіп қалды

Оралда түлкі видеоға түсіп қалды

Оралда түлкі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

"dobroe_serdce_uralsk" Instagram-парақшасында жұрттың назарын бірден аударған видео пайда болған. Тұрғындар түлкіге ұқсас жануарды көшеде кетіп бара жатқан кезінде видеоға түсіріп алған.  

"Мой ГОРОД" басылымының мәліметінше, видео алтыншы шағынаудандағы "Салтанат сарайы" мейрамханасының жанында түсірілген. 

Желі қолданушылары жануарға қатысты түрлі пікір жазған. Бірі түлкіге жоламау керек десе, енді бірі жануарды қорғау керегін жеткізген. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина