Ерке Есмахан күйеуі Raim Президенттен қандай сыйлық алғанын көрсетті

Ерке Есмахан күйеуі Raim Президенттен қандай сыйлық алғанын көрсетті
Фото: әлеуметтік желі

Ерке Есмахан әлеуметтік желіде күйеуі Raim Президенттен қандай сыйлық алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креатив индустрия өкілдерімен кездесті.

Президентке музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия, жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылды. Бұл кездесуге әншіРайм да шақырылған.

Ал желідегі суреттен сағат, киім секілді сыйлықтар көрінеді.

"Кеше Президенттің сыйлыққа не бергенін мен көрсетпесем сіздерге. Оны Райм көрсетпейді. Сол үшін маған маладес деп қойыңыздар", - деді Ерке Есмахан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова