Мобильді аударымдарды тексеру: қазақстандықтар заңды түрде кәсіпкерлікпен айналыса бастаған

Мобильді аударымдарды тексеру: қазақстандықтар заңды түрде кәсіпкерлікпен айналыса бастаған
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерген соң 145 мыңға жуық қазақстандық жеке кәсіпкер болып тіркелді. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мобильді аударымдарға тоқталайын. Қазір екі критерийді пайдаланып жатырмыз: 100 мобильді аударым, 3 айда аударылған сома. Қазір үшінші критерийді талқылап жатырмыз: мобильді аударым арқылы 255 мың теңге аударылса. Бұл бағытта банктермен тиісті жұмысты жүргіздік", - деді Мәди Такиев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр тексерістен соң қазақстандықтар заңды түрде кәсіпкерлікпен айналыса бастағанын жеткізді.

"Қазір қазақстандықтар мобильді аударымдарға қайта көше бастады. Биыл қаңтарда шамамен 75 мың жеке кәсіпкер, ал ақпанда шамамен 70 жеке кәсіпкер тіркелді. Бүгінде көлеңкеде жұмыс істегендер қызметін заңдастырып жатыр", - деді ведомство басшысы.

Аяз Есен 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz