Насыбай сатқандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін - ІІМ

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы Руслан Қаржаспеков енді насыбай сатқандар Қылмыстық кодек аясында жауапқа тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржаспековтың айтуынша, заң жобасы Сенатта қаралып жатыр.

Бүгінгі таңда насыбай сату бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексте жауапкершілік қарастырылған (196-бап – "Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау") және 25 АЕК көлемінде айыппұл көзделген. Бұл шамамен 92 300 теңге. Сенатта Денсаулық сақтау министрлігі бастамашылық еткен заң жобасы қаралып жатыр, оның аясында насыбай мен вейптерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді және ол әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік ретінде есептелетін болады", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "насыбай ату -  денсаулыққа зиян әрі ұят әдет" деген болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!