Мемлекеттік қызметшілердің жалақысына жыл сайын қанша теңге бөлінеді?

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысына жыл сайын қанша теңге бөлінеді?
Фото: depositphotos.com

Қаржы министрі Мади Такиев Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысына жыл сайын қанша теңге бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Елімізде барлығы 89 мың мемлекеттік қызметші бар. Мен барлық мемлекеттік аппараттың жалақысын айта алатын шығармын. Қателеспесем, жыл сайын бұл мақсатқа 1 триллион 32 мың теңге бөлінеді. Бұл қаржы жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің жалақысына бөлінеді", - деді Мади Такиев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске салайық, бұған дейін қаржы министрі 2025 жылы жалпыға бірдей декларацияны 13 миллион қазақстандық тапсыратынын айтқан еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz