Маңғыстауда магистралды газ құбырында өрт шықты

Маңғыстауда магистралды газ құбырында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 наурызда шамамен сағат 23.00-де Орталық Азия – Орта магистралды газ құбыры лупингінің күзетілетін аймағының конденсат жинағышы желісінде газ ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты.

Сағат 23:13-де келісім бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі өртті сөндіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТАУ | AKTAU☀️ (@aqtau_live)

Зардап шеккендер жоқ, газ тасымалдау нысандарына залал келмеген, жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр.

Өрт халықты газбен қамтамасыз ету және газды тасымалдау жұмыстарына кедергі келтірмеген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина