Елтаңбаны өзгерту мәселесін әлі талқылаймыз - министр

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның елтаңбасын өзгертуге қанша қаржы керек екенін білмейтінін, мәселе әлі талқыланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сіз Елтаңбаны өзгерту мәселесі талқыланып жатқанын жақсы білесіз. Президент Ұлттық құрылтайда бұл мәселені талқылауды ұсынды. Ол "Қоғам аталған мәселеге қолдау білдірсе, оны одан әрі талқылау қажет" деп айтты. Ол үшін арнайы комиссия құрылады. Онда осы мәселе нақты қарастырылады. Мәселе оң шешімін тапса, қалған шығындар анықталады", - деді Мәди Такиев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Журналист "Елтаңбаны өзгертуге қаржы қайдан алынады?" деп сұрағын нақтылады.

"Алдымен бірінші мәселені шешіп алайықшы", - деді қаржы министрі.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!