Мақпал Жүнісованың концертіне келген көрермен жұртты күлдірді

Мақпал Жүнісованың концертіне келген көрермен жұртты күлдірді
Фото: видеодан кадр

Мақпал Жүнісованың концерттерінің бірінде қызық оқиға болды. Видеоны өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің тыңдарманы "Мақпал, Мақпал, Мақпал" деп айғайлап, қол шапалақтап, ерекше құрмет көрсеткен. Кадрлардан оның орыс ұлтының өкілі екені көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

"Мына бала кім, қазақ па, орыс па?" - дейді әнші.

Кейін өнер иесі сол көрерменді сахнаға шығарып, қасына отырғызып ән айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Желі қолданушылары әншінің қылығы өзіне жарасатынын жарыса жазды.

"Әрбір қимылы, қылығы, киген киімі өзіне жарасып тұрған. Жұлдыздай жарқылдап тұратын, ойып алар орны бар, Мақпал әпке", "Мынандай қылықты дайындалса да мұндай керемет шықпас еді. Шын ниетімен халықтың көңілінен шыққан алтындай Мақпалжан-ай", "Мақпал апамыз қазіргі Ерке Есмахан ғой жас кезі", "Керемет Мақпал апай! Қарапайымсыз, шынайы бәрі! Жарайсыз", - деді олар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова