Шымкентте автобустарға тас лақтырған бұзақылар жазадан құтылып кетті

Шымкенттік көлік қызметкерлері автобустардың терезелерін сындырған бұзақылардың жазаланбағанына шағымданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз айының басында бейтаныс біреулер 149-бағыттағы 5 автобусты зақым келтірген болатын. Олар таспен лақтырып, терезелерді сындырған. Автобус қызметкерлері бұзақылар шығынды өтеуі керек дейді.

"10 күн өтті, ішкі істер басқармасынан әлі ақпарат жоқ, біз алаңдай бастадық, құрметті қалалық ішкі істер басқармасының басшылары, осы істі бақылауға алыңыздар. Келген шығын белгілі, қазір есептедік, шығын 500 мың, оның үстіне көліктер тұрған, қызмет көрсетпеген. Неге біз қиналуымыз керек?", - дейді "Южавтотранс" бірлестігінің төрағасы Дархан Каюпов.

Бұзақылар соңғы аялдама орналасқан Таскешу ауылы мен "Қайнар бұлақ" тұрғын алабының арасындағы жолда автобустарға тас лақтыратын болып шықты. Олар мұны кешкі уақытта жасайды.

Полицейлер бұл факті бойынша тергеу аяқталып, бұзақылық жасаған үш кәмелетке толмаған баланың анықталғанын айтты. Олармен тек профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

"Қылмыстық кодекстің 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша қылмыс белгілерінің жоқ екені анықталды.Сонымен қатар, 14 жасқа толмаған жасөспірім анықталғанын хабарлаймыз. Олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік қызметкерлері кәмелетке толмағандардың неліктен жай әңгімемен құтылып кеткенін және бұл жағдайда шығынлы кім өтейтінін түсінбей отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!