Риддерде дәрігер біреуге заңсыз түрде есірткі берген

Прокурорлық тексеру барысында Риддер қаласының прокуратурасы "Риддер қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК-де есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Трамадол" - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.03.2023 жылғы №240 қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілді, оларды өткізу және беру онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана жүзеге асырылады.

Бұл талаптарды бұза отырып, қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын қайтыс болған онкологиялық науқасқа тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұсат қағазын психоактив заттарды қолданудан зардап шегетін басқа адамға берді.

Риддер қаласының прокуроры есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!