Өскеменде бір күнде екі ер адам өлі табылды

Өскеменде бір күнде екі ер адам өлі табылды
Фото: yk-news.kz

Өскеменде екі ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөзінше, 15 наурызға қараған түні Қабанбай батыр көшесіндегі ғимараттың бірінде жанжал болған. Артынша ғимараттың жанында ер адам өлі табылған. 

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - дейді полициядағылар. 

Бұл іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалған. Өзге ақпаратты тергеу мүддесіне орай жариялауға болмайды. 

Басылым мәліметінше, сол күні тағы бір қылмыс болған. Қылмыстық оқиға Абай даңғылындағы тамақтану орнында болған. 

"Полицияға ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түсті. Күдікті ұсталды. Заттай дәлелдер алынды", - дейді полициядағылар. 

Бұл іс бойынша да қажет сараптама тағайындалған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина