Қарағандыда 985 миллион негізсіз жұмсалмақ болған

Қарағандыда 985 миллион негізсіз жұмсалмақ болған
Фото: depositphotos.com/amixstudio

Қарағандыдағы аудан 985 миллион теңгеге безендірілмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңге болатын ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды.

Оған бір жылдан аса мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды.

Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген.

Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына сәйкестендірілді.

Кәсіпкерлік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек