Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина